"Франция - Орталық Азия" достық тобының төрағасы елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Франция - Орталық Азия" достық тобының төрағасы  елімізге келеді

"Франция - Орталық Азия" достық тобының төрағасы елімізге келеді

АСТАНА. 25-маусым.Kazakhstan Today. 26 маусым күні парламент сенатының делегациясын бастаған "Франция - Орталық Азия" достық тобының төрағасы Андре Дюле елімізге келеді. Сапар аясында ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі жақты қарым-қатынас туралы мәселелерді талқылау жоспарланған. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Маусым 2007
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұған қоса, СІМ өкілінің хабарлауынша, 2 шілдеде Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының, еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, сыртқы саясат ведомствосының ардагерлері мен отандық дипломатияның жұмысына қатысы бар барша жұрт Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күнін тұңғыш рет атап өтеді.

«15 жыл бұрын, 1992 жылдың 2-ші шілде күні президент Нұрсұлтан Назарбаев жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, «Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы тарихи деректі атап өту үшін шілденің 2-сін қазақстандық дипломатиялық корпустың кәсіби мерекесі ретінде белгілеу жөнінде шешім қабылданды», деді елші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті