Орталық сайлау комиссиясы алдағы мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқанын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты он екі қаулы қабылдады. Енді сайлау бюлетеньдері облыстық,аудандық мәслихат және мәжіліс депутаттығына кандидаттарға арналып үш түрлі болады. Астана және Алматы қалалары екі бюлетеньді қолданады. Сондай-ақ, ақпараттық үнпарақтардың үлгісі айқындалды. Плакаттың ортасында үміткердің суреті салынып, орысша және қазақ тілдерінде өмірбаяны, сайлауға түсіп отырған партияның белгісі мен басқа да ақпараттар жазылады. Үнпарақтарды басып шығару жергілікті баспаханаларға жүктеледі. Сонымен қатар, жақында халықаралық бақылаушылар институты ашылды. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүргізетін болады. Комиссия халықаралыө бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерін аккредитациялау тәртіптерін бекітті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті