Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шу ауданындағы Құмөзек өткелінде кеше 11 сағат 56 минутта тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан 600 шаршы метрді алып жатқан жеті пәтерлі тұрғын үй өртенді. «Өрт салдарынан үй толық жанып кетті. 21 адам баспанасыз қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына сәйкес, үй тұрғындары уақытша туыстары мен көршілеріне таратылып орналастырылды. «Өрт Шу станциясының өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 2 техникасының, Төтенше жағдайлар министрлігінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен 15 сағат 40 минутта сөндірілді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті