Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады

Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады

ШЫМКЕНТ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Маусым 2007
  • 414
Фото - Caravan.kz

Бастапқыда үкім 11-шілдеде шығарылады деп межеленген болатын. Алайда, кеше сот қызметкерлері процеске қатысушыларға телефон соғып, үкім 26-маусымда шығарылатынын хабарлаған. Бүгін таңертең судья Зиядинхан Пірнияз үкімді жария ете бастады. «Үкімді оқу қаншаға созылатыны белгісіз,- деді Kazakhstan Today тілшісіне сот кеңсесіндегілер. — Бұл ауқымды іс. Судья өзі жалғыз оқиды, арасында үзіліс жасау керек».

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, сотқа 21 адам, соның ішінде 8 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Екі айыпкер сотқа дейін қамауда болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта болды. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға немқұрайдылық туралы айып тағылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті