«Дархан» заставасының шекарашылар жасағы салмағы 8 тоннадан астам контрабандалық металл тиелген «КамАЗ» автокөлігін ұстады», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылар Өзбекстан азаматы айдаған автокөліктің Қазақстаннан Өзбекстанға бет алғанын анықтады.
Сонымен бірге «Қызыл таң» заставасының шекарашылар жасағы жалпы салмағы 12 тонна түсті металл тиеп, өткізу бекетін айналып өтіп, Өзбекстанға бет алған тағы бір жүк көлігін құрықтады. Өзбекстан азаматы болып табылатын көлік жүргізушісі ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті