2007 жылы USAID Қазақстанда 15,5 млн доллардың бағдарламасын қаржыландырады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы USAID Қазақстанда 15,5 млн доллардың бағдарламасын қаржыландырады

2007 жылы USAID Қазақстанда 15,5 млн доллардың бағдарламасын қаржыландырады

АЛМАТЫ. 27-маусым. Kazakhstan Today. 2007 жылы USAID Қазақстанда 15,5 млн доллардың бағдарламасын қаржыландырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі миссия таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

  • 27 Маусым 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

Ұйымның түсініктемесіне сәйкес, қаржының бір бөлігі ($6,5 млн) 2006-жылдың 5-мамырында іске қосылған экономикалық даму жөніндегі Қазақстан -АҚШ бағдарламасын жүзееге асыруға жұмсалмақшы.

2007 -жылы бағдарлама аясында 11 жобаны жүзеге асыру көзделген. Олар Қазақстанда бәсекелестікті күшейту үшін экономикалық реформаларды топтастыруға, Орталық Азия аймағында ауылшаруашылығы саласындағы нырақтық байланыстарды дамытуға, аймақтық сауда-саттықты ырықсыздандыруға және кедендік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған жобалар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, экономикалық даму жөніндегі бағдарлама аясында Қазақстан мен АҚШ 2006-2009 жылдар аралығында $40 млн, соның ішінде жыл сайын әрқайсысы 10 млн доллардан бөледі. Қазақстан үкіметі алғашқы жылы қаржының 25%-ін шығарса, бағдарламаның соңғы жылы тең қаржыландыру үлесі 50%-ке жетеді.

1992 -жылдан бері Қазақстанға қолдау көрсету бағдарламаларына USAID $500 млн бөлді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті