Павлодар облысында 15 400 гектар аумақта екі далалық өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында  15 400 гектар аумақта екі далалық өрт шықты

Павлодар облысында 15 400 гектар аумақта екі далалық өрт шықты

АСТАНА. 28 -маусым. Kazakhstan Today. Павлодар облысында 15 400 гектар аумақта екі далалық өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 27-маусымда Лебяжы ауданында 10 гектар аумақта далалық өрт шықты. Сол күні кешке 400 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Өртті ауыздықтауға 8 адам мен 2 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен бірге, 25-маусымда Баянауыл ауданында 15 000 гектар аумақта далалық өрт шықты. Өрт 27-маусымда сөндірілді. Өртті ауыздықтауға 36 адам мен 9 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 24 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті