Парламент Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі ҚР мен РФ үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің басты мақсаты — екі елдің шекаралық аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртіптерін жеңілдетуге саяды.

Жаңа құжатқа сәйкес, «шекаралық аумақтардың тұрғындары Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадан осы өңірде тұру дерегін растайтын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы өткізу бекеттерінен өтеді».

Келісімге 2006-жылдың сәуір айында Оралда қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті