Парламент Кедендік одақ елдерінің шекарасы арқылы тауар мен валюта алып өту жөніндегі келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Кедендік одақ елдерінің шекарасы арқылы тауар мен валюта алып өту жөніндегі келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Парламент Кедендік одақ елдерінің шекарасы арқылы тауар мен валюта алып өту жөніндегі келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Кедендік одаққа мүше елдердің азаматтарының осы елдер шекарасынан еркін әрі тең құқықпен өту және шекара арқылы тауар мен валютаны кедергісіз алып өтуін қамтамасыз ету жөніндегі 1998 жылғы 24-қарашадағы келісімге өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

Қаржы министрі Наталья Коржованың түсініктемесіне сәйкес, келісіммен және оны жүзеге асыру үшін қабылданған заңға бағынышты актілермен «тауарларды алып өту критерйилері, тауарлардың мақсаты, жиынтық кедендік төлем, жеке тұлғалардың шекара арқылы жеңілдетілген тәртіппен тауар алып өту шарттары мен нормалары» және басқа да бірқатар мәселелер реттелген.

«Шешілмеген жалғыз мәселе — валюта мәселесі. 1998-жылдың 24-қарашасында 3 мың АҚШ доллары көлеміндегі валютаны кедергісіз бір мәрте енгізу нормасы регламенттелген»,- деді Н.Коржова.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті