Парламент Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бірлескен антитеррорлық шараларды ұйымдастырып өткізу жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бірлескен антитеррорлық шараларды ұйымдастырып өткізу жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бірлескен антитеррорлық шараларды ұйымдастырып өткізу жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 28 -маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің аумағында бірлескен антитеррорлық шараларды ұйымдастырып өткізу тәртіптері жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Бұл келісімнің ережелерімен бірлескен антитеррорлық шараларды өткізудің құқықтық негіздері мен тетіктері, күш-құралдарды тарту тәртіптері, қатысушылардың мәртебесі мен құқықтық ахуалы, тараптардың антиттеррорлық құрылымдарының ШЫҰ-ына мүше қабылдаушы жақтың аумағында болу, қаржылық және материалдық қамтамасыздығына қатысты мәселелер айқындалады»,- делінген сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімге 2006-жылдың 15-маусымында Шанхайда қол қойылған.

Бұл құжатты бұған дейін мәжіліс қарамаған.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті