Заңмен азаматтардың жарақаттағыш оқтары бар отты оқпансыз қаруды сатып алу және пайдалануына шектеу енгізу, азаматтық және қызмет бабындағы қару-жарақ пен оның оқ-дәрілерін сатумен шұғылдануға заңды тұлғаларға мүмкіндік беретін іс-қызмет түрлері нақтыланады.
Сонымен бірге заңмен ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қару айналымына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды тексеру кезіндегі құқығы айқындалады.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті