Парламент сессияны 11-шілдеге дейін ұзартты (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сессияны 11-шілдеге дейін ұзартты (толықтырылған нұсқа)

Парламент сессияны 11-шілдеге дейін ұзартты (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 28 -маусым. Kazakhstan Today. Парламент сессияны 11-шілдеге дейін ұзартты. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Үкімет Қазақстан халқына арнаған президенттің жыл сайынғы жолдауын жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларының топтамасын қарау қажеттігі жөнінде парламентке хат жолдады»,- деді әріптестеріне қаратып айтқан сөзінде сенат жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев. «Бұл мәселені біз бюрода талқылап, парламенттің жұмысын ұзарту мүмкіндігі жөніндегі пікірге келдік. Сессияны 11-шілдеге дейін ұзартуды ұсынамын»,- деді ол.

Бұл шешімді палата депутаттары бір дауыстан қолдады.

Осы орайда еске салсақ, мәжілістің өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталуға байланысты қазір парламенттің заң шығару міндетін сенат атқаруда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті