Қазақстанға ақпараттық қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы қажет - Ертісбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ақпараттық қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы қажет  - Ертісбаев

Қазақстанға ақпараттық қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы қажет - Ертісбаев

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпараттық қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының жобасын жасамақшы. Бұл туралы бүгін "Қоғам. Мемлекет. БАҚ: басымдықтар құқығынан құқықтың басымдығына" атты "дөңгелек үстел" барысында республиканың мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Министрлік ақпараттық қоғамды қалыптастыра дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының жобасын жасай бастау қажет деп пайымдайды. Ол елімізді ақпараттық тұрғыда дамыған елдердің қатарына қарқынмен қосылуға сатылы дайындауға тиіс», — деді Е. Ертісбаев.

Оның хабарлауынша, «министрлік электронды БАҚ-тарға қатысты топжарғыш жоба дайындап жатыр». «Үкіметте «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы талқыланып жатқаны белгілі осыған байланысты біздің министрлік электронды БАҚ-тарға қатысты озық жоба жасау туралы бастама көтеріп, оны іске асыра бастады», — деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті