Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз сөзінде Д.Ахметов Қазақстанда біртұтас мемлекеттік әскери-техникалық саясатты қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды үйлестірудің маңызына назар аударды. «Бұл саясатты жүзеге асыру үшін жыл сайын республика үкіметі қабылдайтын мемлекеттік тапсырыс қажет»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Қорғаныс мекемесінің хабарлауынша, комиссияның отырысы барысында қабылданған шешімдер еліміздің қорғаныс әлеуетін одан әрі жетілдіруге түрткі болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті