Парламент агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін түзетулерді  қабылдады

Парламент агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Маусым 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

Заң жобасының басты мақсаты агроөнеркәсіптік кешенді мемлекет тарапынан қолдау шараларының тиімділігі мен атаулылығын, бәсекелестік қабілетін көтеруге жағдайлар жасау, сондай-ақ, атқарушы билік деңгейлері арасындағы өкілеттілікті шектеу болып табылады.

Атап айтсақ, құжатта агроөнеркәсіптік кешенге субсидия бөлудің қазіргі жүйесін өзгерту межеленген. Депутаттар субсидия бөлу бағыттарын біріктіріп, бұл қаржыны бір гектар егіс алқабына есептеп, басымдық берілген дақылдарға бөлуді ұсынуда.

Заң жобасы авторларының пікірінше, мұндай шара ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен олардың сапасын көтеруді, мемлекеттік қолдау шараларын атаулы көрсетуді, ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің тауарларын субсидиямен жоғары деңгейде қамтуды қамтамасыз етеді.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті