«Бүгін біздің комитет алғаш рет бас қосты, біз ұйымдастыру мәселелерін алдын-ала қарадық», — деді республикалық қоғамдық бірлестіктің үйлестіру кеңесінің отырысынан кейін журналистермен өткен кездесуде комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов. «Барша ұйымдастыру жұмыстары келесі аптада басталады», — деді ол.
Бірлестік жетекшісінің айтуынша, комитет жұмысының басты мақсаты — «обьективтілік, бейтараптық пен туралық үшін күресу». «Біз додаға түсетін барлық саяси партиялардан, билік пен оппозициядан бойымызды аулақ ұстайтын боламыз», — деп сендірді Қ.Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті