Семейде екі әйелге найзағай түсіп, біреу оқиға орнында мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  екі әйелге найзағай түсіп,  біреу оқиға орнында мерт болды

Семейде екі әйелге найзағай түсіп, біреу оқиға орнында мерт болды

СЕМЕЙ. 2-шілде. Kazakhstan Today. Семейде найзағайдан екі әйел зардап шегіп, біреу оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі жедел жәрдем ауруханасының хабарламасына сілтеме жасап.

  • 2 Шiлде 2007
  • 375
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше 16 сағат шамасында Семейден 25 шақырым жердегі «Жалпақ» темір жол бекетінде болған. «Екі әйел найзағай кезінде шойын жолды бойлай кетіп бара жатқан кезде оларға найзағай оты түскен. Соның салдарынан 29 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырса, 61 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді», деп хабарлайды дәрігерлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті