Ақтөбе облысында мұнай ұрлығын ұйымдастырушылар құрықталып, 170 тонна көмірсутекті шикізат тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мұнай ұрлығын ұйымдастырушылар құрықталып, 170 тонна көмірсутекті шикізат тәркіленді

Ақтөбе облысында мұнай ұрлығын ұйымдастырушылар құрықталып, 170 тонна көмірсутекті шикізат тәркіленді

АЛМАТЫ. 2-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Департаменті қызметкерлері мұнай терминалдарының бірінің аумағында мұнай ұрлаудың тұрақты арнасын ұйымдастырушы Ембі қаласының екі тұрғынын 170 тонна көмірсутекті шикізат құйылған он мұнайтасымалдаушы автомобильдерімен ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Шiлде 2007
  • 566
Фото - Caravan.kz

«Мұнайдың «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларынан рұқсатсыз ойық жасау жолымен ұрланғандығы анықталды. «Кеңқияқ-Орск» мұнай құбырының 107 шақырымында және «Жаңажол-Кеңқияқ» мұнай құбырының 24 шақырымында майлап жасырылған ойықтар табылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталмыш деректер бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-тармағы, «а» тармақшасы бойынша (бір топ адамның алдын ала келісіп жасаған ұрлығы) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті