Елімізде екі жол апатынан он адам қаза тауып, үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде екі жол апатынан он адам қаза  тауып, үшеуі жараланды

Елімізде екі жол апатынан он адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Елімізде өткен сенбіде екі жол апатынан он адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Шiлде 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында екі жеңіл автокөліктің соғысуы салдарынан бес адам қаза тауып, екеуі жараланды. Апат сенбі күні кешке Шардара ауданының Қоссейіт ауылынан екі шақырым жерде болған. «Оңтүстік Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны «ВАЗ-2106″көлігін айдап келе жатып жолдың қарсы бетіне шығып кету салдарынан «Мазда-626″ көлігімен соғысты»,- деп хабарлайды полиция.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы, соның ішінде 1 және 10 жастағы екі бала оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге бір жасөспірім мен әйел ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір ірі жол апаты сол күні Алматы облысында Кеген-Нарынқол тас жолында болды. «Нарынқол ауылынынан бес шақырым жерде «Мерседес» көлігін айдаған 37 жастағы әйел жолдың қарсы бетіне шығып кету салдарынан 40 жастағы Астана тұрғыны айдаған «Ауди» көлігімен соғысты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соның салдарынан екі жүргізуші де, сондай-ақ, «Мерседесте» отырған бір жолаушы мен «Ауди» көлігінде отырған екі жолаушы қаза тауып, бір жастағы бала ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті