2007-жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан қор биржасындағы валюталық операциялардың көлемі 3,2 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың алғашқы 6 айында  Қазақстан  қор биржасындағы  валюталық операциялардың көлемі  3,2 есе өсті

2007-жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан қор биржасындағы валюталық операциялардың көлемі 3,2 есе өсті

АЛМАТЫ. 2-шілде. Kazakhstan Today. 2007-жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан қор биржасындағы валюталық операциялардың көлемі $40 101,0 жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда $27 413,8 млн өсті, немесе доллар эквивалентімен 3,16 есе өсті. Ал теңге эквивалентінде аталған айналым 3,07 есе өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "Ирбис" қаржылық жаңалықтар агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 2 Шiлде 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

Қазақстан қор биржасындағы негізгі ( таңертеңгі) сессия аясындағы барлық сауда-саттықтар бойынша есептелген теңгенің долларға шаққандағы орташа нарықтық бағамы 2007-жылдың 1 -қаңтары мен 2007-жылдың 30-маусымы аралығында бір долларға 123,22 теңге, биржадағы барлық сауда-саттықтар бойынша бір долларға 122,91 теңге болды.

Биржалық бағам бойынша теңгенің долларға шаққандағы нығаю жылдамдығы ағымдағы жылы 2007-жылдың 30-маусымында жылдық 7,49% құрады. Алғашқы алты айда номиналдық тұрғыда теңгенің долларға шаққандағы нығаюы 3,69% болды.

2006-жылы теңге долларға шаққанда номиналдық тұрғыда 5,06%-ке нығайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті