Шығыс Қазақстан облысында Ресейге 30 мыңдай АҚШ долларын алып өтуге жасалған контрабанданың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында Ресейге 30 мыңдай  АҚШ долларын алып өтуге жасалған контрабанданың жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысында Ресейге 30 мыңдай АҚШ долларын алып өтуге жасалған контрабанданың жолы кесілді

СЕМЕЙ. 2-шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Ресейге 29,6 мың АҚШ долларын алып өтуге жасалған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Семей" кеденінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Шiлде 2007
  • 341
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Ауыл» кеден бекетінде кедендік бақылау шарасының аясында 41 жастағы әйелдің қол жүгінен декларацияда көрсетілмеген 29 600 АҚШ доллары көлемінде шетел валютасы табылды. Кеденшілер әйелдің Семей — Барнаул бағытындағы автобуспен Қазақстаннан Ресейге бет алғанын анықтады.

«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген валюта жасанды емес, «Семей» кеден бекетінің кедендік кірісті есептеу бөлімінің есебінше, валютаның ҚР ұлттық ақшасына шаққандағы жалпы көлемі 3 606 872 теңге болды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша «Семей» кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа дайындалу және қылмысқа әрекет жасау) мен 209-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті