Сенат мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңнаманы бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңнаманы бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңнаманы бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Шiлде 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы стратегиялық нысандарды мемлекет тарапынан тиімді қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында жасалған», — делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Құжатпен Азаматтық кодекске, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Акционерлік қоғам туралы» және басқа да заңдарға толықтырулар енгізіледі.

Атап айтсақ, Азаматтық кодекске «стратегиялық нысандар» деген ұғым енгізіліп, стратегиялық нысандарға жатқызылатын мүліктердің түрлері айқындалып, жеке меншіктегі немесе сатылатын стратегиялық нысандарды сатып алуда ҚР үкіметіне артықшылық беру құқығы заңдастырылады. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңға енгізілетін толықтырулар ҚР үкіметіне стратегиялық нысандардың тізімін жасауға, стратегиялық нысандарға қатысты комиссиялар құруға, жеке немесе заңды тұлғаларға қарасты стратегиялық нысандар бойынша азаматтық-құқықтық сауда-саттықтар жасауға немесе оған рұқсат бермеуге шешім қабылдау өкілеттілігін береді.

Заң жобасы сенаттың салалық комитетіне екінші оқылымға дайындау үшін берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті