Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Энергия» зымыран-ғарыштық кешеніің мамандары вакуумды камерада «Прогресс М-61» жүк кораблінің герметикалық жағдайын тексерді. Сондай-ақ, электрлі борт жүйелері тексерілді. Осы аптада ғарыш айлағының мамандары жүк кораблінің қозғалтқышына отын құюға дайындайды.
«Прогресс М-61» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, жабдықтар мен отын, компьютерлік жабдықтарды жеткізуге тиіс.
«Прогресс М-61» жүк кемесі «Союз-У» зымыран тасығышымен 2007-жылдың 2-тамызында Асиана уақытымен 21 сағат 32 минутта ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті