Қарағандыда "Валют-Транзит" банктің бұрынғы басшысы мен банктің бұрынғы алты қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда "Валют-Транзит" банктің бұрынғы басшысы мен  банктің  бұрынғы алты қызметкеріне қатысты қылмыстық іс  бойынша сот тыңдауы өтуде

Қарағандыда "Валют-Транзит" банктің бұрынғы басшысы мен банктің бұрынғы алты қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Қарағандыда Қазыбек би атындағы №1 аудандық сотта "Валют-Транзит" банктің бұрынғы басшысы Андей Белялов пен банктің түрлі бөлімшелерінің бұрынғы алты қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Шiлде 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Сот процессі кеше айыптаудан басталды. Айыптау құжаты 300 параққа жеткен. Кеше үш прокурор небәрі 30 бетті оқып бітті. Ал бүгін айыптау қорытындысын жария ету үшін төрт прокурор келді. Қадағалаушы орган өкілдері айыптау қорытындысын үш күнде оқып бітіруге уәде беріп отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А.Беляловтың үстінен жеті бап бойынша — 193 (заңсыз алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастыру), 182 (алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік шығын келтіру ), 192 (жалған кәсіпкерлік), 220 (банктің ақшасын заңсыз пайдалану), 228 (қызметін асыра пайдалану), 325 (құжаттарды қолдан жасау немесе жалған құжаттарды сату), 218 (бухалтерлік есеп-қисап ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Қаржылық топтың қитұрқылық әрекеттерімен банкке 6,5 млрд теңге шығын келген, заңсыз қаржылық операциялар жалған немесе банкпен аффилиирлік байланыстағы мекемелер арқылы жүзеге асырылған .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті