Оның айтуынша, «Шығысэнерготрейд» энергетикалық компаниясы «Семейводоканал» кәсіпорнына электр қуатын шектеулі көлемде беруге шешім қабылдауына байланысты. Соның салдарынан көп қабатты үйлерді сумен қамтамасыз етуші 7 су айдағыш жарықсыз қалған. Сөйтіп, қазіргі жағдаймен қала орталығындағы көп қабатты 14 үй алты күннен бері сусыз отыр.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания «Семейводоканал» ҚКК-ына энергетиктер алдындағы берешегіне байланысты тоқ жібермей тастаған. Қазіргі жағдаймен берешек көлемі 74,844 млн теңгеге жеткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті