«11-шілдедегі 18 сағаттағы жағдаймен төтенше жағдайдың зардаптары толық жойылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы орайда еске салсақ, ағымдағы жылдың 10-маусымында Павлодардың Суворов көшесіндегі он қабатты үйдің тұрғындарынан сынап төгілгені туралы хабар келіп түскен. Сынап жерден де, лоджиялардан да, 1-9 қабат аралығындағы әйнектер мен карниздердің сыртқы беттерінен де табылды. бастапқыда металл 10-қабататғы пәтердің лоджиясында болған. Оқыс оқиға болған алғашқы күндері сынап буының деңгейі гигиеналық нормативтен 4-700 ШМК-ға дейін артқан. Жалпы сынап төгілген жерден 1,5 килограмм сынап табылды.
Ластанған топырақ жинап алынып кһөмілді. Үйде тұратын 100-ден астам адам ауруханаларға тексеруге жіберілді, олардың жетеуі, соның ішінде екі бала ауруханада емделіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті