Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанда биоотын өндірісін мемлекет тарапынан реттеу жөніндегі заң жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанда биоотын өндірісін мемлекет тарапынан реттеу жөніндегі заң жобасын жасауда

Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанда биоотын өндірісін мемлекет тарапынан реттеу жөніндегі заң жобасын жасауда

АСТАНА. 12 -шілде. Kazakhstan Today. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекет тарапынан реттеу жөніндегі" заң жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін министр Ахметжан Есімов журналистермен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Шiлде 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Біз бұл заңның жобасын жасап жатырмыз және кешікпей оны үкіметтің қарауына ұсынамыз», — деді А. Есімов.

Ол Қазақстанда биоотын өндірісінің келешегі зор екенін атап өтті. «Қазақстан биоотын өндірісі үшін шикізат алатын ұшы-қиырсыз жер ресурстары болуымен шетелдік фирмалардың қызығушылығын тудырып отыр», — деді министр.

А. Есімовтың айтуынша, қазірде Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа елдері мен АҚШ биоотын сатып алудан мүдделі. «Жапония қазір өзінің биоотын сұранысын 5%-ке ғана, Еуропа — 20%-ке қамтамасыз ете алса, АҚШ биоотынды тұтыну мөлшерін жыл сайын 2%-ке арттыруды жоспарлап отыр», — деді республиканың ауылшаруашылығы министрі.

Сонымен бірге, министрдің пікірінше, биоотын өндірісі кедейлік шегінен тысқары өмір сүретін адамдар санының көбеюіне алып келуі ықтимал. «АҚШ мамандарының болжауынша, ауылшаруашылығы өнімдерін биоотын өндіру мақсатында пайдалану кедейлер санрын 2 млрд адамға арттырып жібеуі мүмкін», — деді министр. «Дүниежүзі ауылшаруашылығы шикізатын биоотын өндірісіне, яки, азық-түлік қамтамасыздығын қамтамасыз етуге бағыттау керек пе деген тұрғыда таңдау жасауда. Біз бір жағынан Қазақстанда биоотын өндіріп пайдалануға мүмкіндік беретін, екінші жағынан еліміздің азық-түлік қамтамасыздығына нұқсан келтірмейтін заң жобасын жасағымыз келеді», — деді А. Есімов.

Өз кезегінде «ҚазАгро» АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына сәйкес бұл құжат мекемеаралық комиссияның қарауына ағымдағы жылдың шілде айында енгізілуге тиіс екенін еске салды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті