Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тас құлау оқиғасы Қаракөл — Энильчек тас жолының 110-шы шақырымында болған. 20 мың текше метрге жуық тау жынысы жолды бөгеп қалған. Сонымен бірге сел жүріп, 110-шы және 134-ші шақырымдардың аралығындағы тас жолды шайып кетті. Қазіргі жағдаймен жол жабық.
«Алдын-ала мәліметке сәйкес, құүрбан болғандар жоқ, нақты ахуал анықталу үстінде», деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті