Қызылорда облысында қарақурай плантациясы жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қарақурай плантациясы жойылды

Қызылорда облысында қарақурай плантациясы жойылды

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында 7 мың түп қарақурай өсіріліп келген плантация жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Шiлде 2007
  • 541
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті облыстық ІІД бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстың Қармақшы және Қазалы аудандарының тоғысындағы «Бердіқұл» артезиан ұңғысының аумағында егілген көкнәрдің 7014 түбін анықтады».

«Алдын ала есеп бойынша, көкнәрдің пісу кезіндегі жалпы салмағы 2 500-ден 3 000 килограмға дейін жетеді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Табылған есірткілік өсімдіктер сол жерде Қармақшы ауданы прокуроры көмекшісінің, жедел-тергеу тобы мүшелерінің және айғақ адамдардың қатысуымен өртелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті