Кеше кешке Майлин даңғылы мен Монтажная көшесінің қиылысында 43 жастағы мотоцикл жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып ктеті. «Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі түрлі жарақаттармен қалалық №4 клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылса, 25-30 жас шамасындағы аты-жөні беймәлім азиялық нәсілді жігіт оқиға орнында жан тапсырды, ал 30-35 жас шамасындағы еуропалық нәсілді әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», — деп хабарлайды құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Анастасия Малишич.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті