«АЖТ жұмысы Сенім шаралары каталогының ережелерін имплементациялау жөніндегі Аға лауазымды тұлғалар комитетінің ағымдағы жылдың наурыз айында Тайланд Корольдігі астанасы Бангкокте өткен отырысының шешімдерін орындауға, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің сенім шараларын жүзеге асырудың кооперативтік қадамдарын және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің сыртқы байланыстары туралы ережені, сондай-ақ хатшылық қызметінің қаржылық және әкімшілік аспектілерін жүзеге асыруды әрі қарай ілгерілетуге бағытталған», деп хабарлайды мекеме.
Атап айтқанда, ынтымақтастықтың таңдап алынған бағыттары бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне мүше мемлекеттердің сенім шараларының орындалуын үйлестіру барысы талқыланады. Соның ішінде ағымдағы жылдың 27 маусымында Астанада сарапшылардың арнайы кездесуінде әзірленген, Қазақстан үйлестіретін, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың іс -әрекеттер жоспары және тұжырымдама жобалары да бар.
АЖТ жұмысының аясында мүше мемлекеттер Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, ЭЫҰ және ЕурАзЭҚ хатшылықтары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобаларын қарап, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі атқарушы директорының Түркия мен Иранға жұмыс сапары жөніндегі есебін тыңдайды.
Сонымен қатар, Қазақстан тарапы әзірлеген және 2008 жылы Сыртқы істер министрлері кеңесінің ІІІ отырысында қол қою күтіліп отырған, » Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі хатшылығының құқықтық қабілеті, басымдықтары және иммунитеттері туралы» Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңеске мүше мемлекетері арасындағы конвенцияның жобасы талқыға түседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті