«Бұл қаулы өткен аптада бейсенбі күні үкіметтің қарауына ұсынылды»,- деді ол.
«Біздің пайымдауымызша, цементті биржада саудалау ережесін енгізу осынау құрылыс материалына деген сұранысқа қарай қалыптасатын бағаның өсімін тоқтата алмайды, бірақ, бағаның қалай қалыптасатындығын мейлінше обьективті белгілеуге мүмкіндік береді : бағаның өсуіне делдалдар себеп болды ма әлде бұл сұраныстан ба дегенге жауап табамыз»,- деді Қ.Бишимбаев.
Бұл қаулы тек цементке ғана қатысты ма деген үкімет абсшысы Кәрім Мәсімовтың саулына Қ.Бишимбаев әзірге бұл «құжаттың тек цементке қатысы ғана жасалғанын» атап өтті. «Бұл аталмыш құрылыс материалының бағасы күрт өсуіне байланысты. Біз биржа мамандарымен бірлесіп кеңес өткіздік, бүгінде еліміздің барлық өңірінде не орталық тауар биржалары, не болмаса, олардың салалық бөлімшелері жұмыс істейді, басқаша айтқанда, цементті биржада саудалауға қажетті инфрақұрылым бар»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті