Үкімет Ақмола облысы мен Алматы маңында серіктес қалаларды сала бастау туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Ақмола облысы мен Алматы маңында серіктес қалаларды сала бастау туралы шешім қабылдады

Үкімет Ақмола облысы мен Алматы маңында серіктес қалаларды сала бастау туралы шешім қабылдады

АЛМАТЫ. 16-шілде. Kazakhstan Today. Үкімет Ақмола облысы мен Алматы маңында серіктес қалаларды сала бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2007
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Үкімет өткен аптада серіктес қалаларды сала бастау жөнінде шешім қабылдады, бұл еліміздегі ірі қалалардағы ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді», — деді «Мегаполис» апталығына берген сұхбатында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов.

«Әзірге біз Астанаға серіктес қала болатын Ақмола облысының Қосшы ауылына инфрақұрылымды тартуға 6,5 млрд теңге, Алматының маңында, Қапшағайға дейінгі тас жолдың бойында бой көтеретін төррт қала үшін 13,5 млрд теңге бөліп отырмыз», — деді министр.

Оның пікірінше, серіктес қалаларды салу «халықтың басым бөлігін баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті