Ресей Қырғызстанның күш құрылымдарына ШЫҰ саммитінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын - РФ ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қырғызстанның күш құрылымдарына ШЫҰ саммитінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын -  РФ ІІМ

Ресей Қырғызстанның күш құрылымдарына ШЫҰ саммитінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын - РФ ІІМ

БІШКЕК. 16 -шілде. Kazakhstan Today. Ресей ІІМ Қырғызстанның күш құрылымдарына ШЫҰ саммитінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы кеше Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Рашид Нургалиев Қырғызстан ішкі істер министрі Болотбек Ногойбаевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Бізде ауқымды саяси шаралар өткізу тәжірибеміз бар, біз осымен бөлісуге дайынбыз. Расын айтсақ, сіздерден де үйренетін нәрсе жоқ емес», — деді Р.Нургалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, Ресей мен Қырғызстанның күш құрылымдары арасындағы ынтымақтастық тәжірибелік сипатта. Р. Нургалиев бұған қоса екі елдің ішкі істер министрліктерінің тиісті бөлімшелері арасында экстремистік және лаңкестік ұйымдардың іс-қызметіне қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат алмасу жолдарын жетілдіру қажеттігін атап өтті. РФ ІІМ ұйымдасқан қылмыспен, есірткі тасымалымен, діни-экстремистік ұйымдармен тізе қоса күресу мүмкіндігі ғана бар екенін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті