Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ миссиясынан 18 бақылаушыны тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ миссиясынан 18 бақылаушыны тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ миссиясынан 18 бақылаушыны тіркеді

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясынан 18 бақылаушыны тіркеп, тиісті куәліктерін берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2007
  • 330
Фото - Caravan.kz

«Біздің алдағы сайлаудағы ынтымақтастығымыз жемісті болады деп ойлаймын», — деді ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездесуде ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының жетекшісі Любомир Копай.

«Біздің миссия бұл сайлауға ЕҚЫҰ мандаты мен принциптеріне сәйкес кәсіби әрі әділетті бақылау жасайтын болады», — деді Л. Копай. «Біз ешқандай жалған сенімге жол бермейміз және сіздер мен халықаралық қоғамдастыққа алда өтетін сайлауға қатысты ақиқат баға беретін боламыз», — деді ол.

Л. Копайдың хабарлауынша, «миссияның ұзақ мерзімді бақылаушылары осы аптада келеді деп күтілуде». «Одан әрі біз оларды Қазақстанның өңірлеріне бөлетін боламыз», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті