Елімізде 2007 жылдың аяғына дейін 182 Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  2007 жылдың аяғына дейін  182 Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда

Елімізде 2007 жылдың аяғына дейін 182 Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Елімізде 2007 жылдың аяғына дейін 182 Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында әділет министрі Зағипа Балиева құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2007
  • 432
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы әділет министрлігі облыс әкімдерімен бірлесе отырып облысқа бағынышты қалалар мен аудан орталықтарында 182 Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда», — деп мәлімдеді З. Балиева.

Оның айтуынша, барлық облысқа бағынышты қалалар мен аудан орталықтарында Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға арналған орындар қарастырылған, техникамен жабдықтау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жаңа жылға дейін жоспарланған 182 орталық ашылады деп ойлаймын», — деді З. Балиева.

Әділет министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 1136 қызметкер жұмыс істейтін 31 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар, олар халыққа құжат беру және қабылдауға қатысты миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті