Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сарапшылары Бішкекте халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сарапшылары  Бішкекте  халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сарапшылары Бішкекте халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды

БІШКЕК. 16-шілде. Kazakhstan Today. 17-шілдеде Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы "Халықаралық автокөлік тасымалы үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы" келісімнің жобасын жасау жөніндегі сарапшылар тобының отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның Көлік және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 16 Шiлде 2007
  • 412
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуге қатысушылар халықаралық автокөлік тасымалы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экономиканың осы саласын дамыту үшін тараптардың күш-жігерін үйлестіруге бағытталған келісімнің жобасын талқылайды.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сарапшылары ұлттық заңнамаларды үйлестіру, құжаттамаларды жеңілдету перспективасын, халықаралық автокөлік тасымалына қатысты тараптардың процедуралары мен талаптарын талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті