Қазақстанда өткен тәулікте үш жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, 11-і жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәулікте үш жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, 11-і жараланды

Қазақстанда өткен тәулікте үш жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, 11-і жараланды

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда өткен тәулікте үш жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, 11-і жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Шiлде 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 15 шілдеде Қапшағайда Алматы-Өскемен тас жолының 61-ші шақырымында «Mercedes», «Honda» және «Nissan» автокөліктері соғысты.

Жол апаты салдарынан бір жаяу жүргінші, «Honda» автокөлігінің жүргізушісі мен «Honda» көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге «Mercedes» пен «Nissan» көліктерінің жүргізушілері, «Nissan» көлігінің бір жолаушысы мен «Honda» көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

16 шілдеде Таразда «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі «Volkswagen» көлігімен соғысты. Апат салдарынан «Volkswagen» көлігінде отырған екі жасар бала оқиға орнында жан тапсырып, екі жүргізуші мен «Volkswagen» көлігінің төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Сонымен бірге, 16 шілдеде Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 776-шы шақырымында «Audi» көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті