Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды

Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды

АЛМАТЫ. 18 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық "Құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Шiлде 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 шілдеде 6 сағат 42 минутта Гоголь және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында «ВАЗ 2107» және «Ниссан» көліктері соғысты. «Жол апаты салдарынан үш адам : 45 жастағы «ВАЗ 2107» жүргізушісі, 19 жастағы «Ниссан» жүргізушісі мен «ВАЗ 2107» автокөлігінің жолаушысы қаза тапты. «Ниссан» автокөлігінде отырған, әзірге аты-жөні анықталмаған әйел қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті