«Украинаның батыс бөлігінде, Львов темір жолының Красная бекетінде 16 шілдеде Астана уақытымен 19 сағат 50 минутта «Қазфосфат» ЖШС Польшаға жіберген сары фосфор тиелген 15 цистерна жолдан шығып кетті», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 4 цистернадағы сары фосфор өртенді.
«Апаттың зардаптарын жою барысында Украина Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері мен ІІМ-нің екі қызметкері уланды, 1 мыңнан астам адам бекеттен көшірілді. Сонымен бірге 14 елдімекенннің тұрғындарын көшіруге шешім қабылданды», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта апат болған жерге «Қазфосфат» ЖШС-нің бес маманы апат зардаптарын жоюға көмек көрсету үшін аттанды. » ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен «Қазфосфат» ЖШС өкілдері төтенше жағдайдың зардаптарын жою мәселелері бойынша өзара ықпалдаса жұмыс істеуде», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті