Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан тағы да үш байқаушыны аккредитациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының  миссиясынан тағы да үш байқаушыны аккредитациялады

Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан тағы да үш байқаушыны аккредитациялады

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауына бақылаушылық жасайтын ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан тағы да үш байқаушыны аккредитациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Шiлде 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан тағы да үш байқаушыны аккредитациялау жөнінде ұсыныс енгіземін», — деді бүгін ОСК отырысында комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова.

Бұл ұсынысты комиссия мүшелері бір дауыстан қолдады.

Т. Охлопкованың айтуынша, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясы байқаушылары еліміздің он төрт аймағында жұмыс істейтін болады.

Бүгінгі жағдаймен еліміз бойынша ТМД; ЕҚЫҰ ұйымдары мен шетелдерден 216 байқаушы аккредитацияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті