Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық  дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы мен ол туралы ережені бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Шiлде 2007
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Кеңес консультативтік-кеңес органы болып табылады, оның құрамына ОСК өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігі, журналистік бірлестіктер, БАҚ басшылары, саяси партиялардың Орталық сайлау укомиссиясындағы өкілдері енеді», — деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Кеңестің басты мақсаты — сайлау науқаны барысында сайлау заңнамасы мен Конституция нормаларын бұзуға қатысты ақпараттық дауларды алқа түрінде қарау», — деді ол.

Кеңес төрайымы болып ОСК мүшесі Ләззат Сулеймен сайланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті