Мекеме ақпаратына сәйкес, автокөлік «Жаңажол» кеден бекетінде кеше ұсталған. «Радиациялық бақылау нәтижесі жүктің гамма-фоны шектеулі мүмкін шамадан 12 есе артық екенін көрсетті», — деп хабарлайды мекемедегілер.
Жүкті Теміртаудың «КРАМДС-КРИНД» ЖШС жіберсе, қабылдаушы — «COSMA GMBH» фирмасы (Германия).
«Автокөлік Петропавловск қаласындағы теміржол тұйықталымында тұр. Жүкті ІІД күштері күзетуде», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті