Еліміздегі коммерциялық банктердің таза пайдасы мамырда 89,2%-ке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі коммерциялық банктердің таза пайдасы мамырда  89,2%-ке өсті

Еліміздегі коммерциялық банктердің таза пайдасы мамырда 89,2%-ке өсті

АЛМАТЫ. 20 шілде. Kazakhstan Today. Еліміздегі коммерциялық банктердің таза пайдасы мамырда 92,7 млрд теңге болып, өткен жылғы көрсеткіштен 89,2%-ке өсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

  • 20 Шiлде 2007
  • 681
Фото - Caravan.kz

Сонымен бңірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, шығындан көлемі 504,7 млрд теңге болып, өткен жылғымен салыстырғанда 91,8%-ке өсті.

Банктердің жиынтық активтері мамырда 507,2 млрд теңгеге (5,3%) өсіп, 2007 жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен 10 100,3 млрд теңге болды. 2007 жылдың 1-шілдесінде банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 1 385,0 млрд теңгеге жетіп, 2007 жылғы мамырда 44,9 млрд теңгеге, немесе, 3,4%-ке өсті.

Банктердің несиелік портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) сәуір айында 513,5 млрд теңгеге (7,3%), 7521,7 млрд теңгеге дейін өсті.

2007 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердің кредиттік портфелінің құрылымында стандартты кредиттердің үлесі 46%, күмәнді — 52,8 %, үмітсіз — 1,2% болды. 2007 жылғы 1 мамырындағы жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі 46,7%, күмәнді — 51,9%, үмітсіз — 1,4% болды.

Банктердің заңды және жеке тұлғалардан (банктерді және халықаралық қаржы ұйымдарын қоспағанда) тартқан салымдарының жалпы сомасы өткен аймен салыстырғанда 7,1%-ға өсе отырып, 5948,6 млрд. теңге болды, заңды тұлғалардың салымдар сомасы 4661,4 млрд. теңге болды, ал жеке тұлғалар салымдарының сомасы ай ішінде 6,6%-ға өсе отырып, 1 287,2 млрд. теңгені құрады. Арнайы тағайындалған еншілес ұйымдардың салымдары ай ішінде 18,8%-ға ұлғайып, 2514,8 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,3%-ға өсіп, 2007 жылғы 1 маусымда 613,7 млрд. теңге болды.

2007 жылғы мамырда банк заңнамаларын бұзғаны үшін банктерге орындауға міндетті 6 ұйғарым шығарылды. 2007 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша сот шешімімен 13 банк мәжбүрлеп таратылу процесінде болып отыр.

Қазіргі жағдаймен республиканың банк секторында 33 екінші деңгейдегі банк, олардың 14-і шетелдің қатысуымен (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерінің 9 еншілес банкін қосқанда) қызмет етуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті