Ішкі істер вице-министрі мен Қазақстандағы ҚХР елшісі трансшекаралық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың келешегі жайында талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер вице-министрі мен Қазақстандағы ҚХР елшісі трансшекаралық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың келешегі жайында талқылады

Ішкі істер вице-министрі мен Қазақстандағы ҚХР елшісі трансшекаралық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың келешегі жайында талқылады

АСТАНА. 20 шілде. Kazakhstan Today. Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев пен Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Сиюнь трансшекаралық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың келешегі жайында талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Шiлде 2007
  • 542
Фото - Caravan.kz

«Біз өзіміздің шетелдік әріптестерімізбен, әсіресе, бізбен шекараласатын елдермен, ҚХР, Ресеймен және Орталық Азия аймағы елдерімен халықаралық байланыстарымызды нығайтқымыз келеді. Осыған сәйкес осындай байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін көтеріп отырмыз», — деді А. Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.

«Бүгін біз елші мырзамен бірлесіп қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күрес саласындағы озық әрі оңды тәжірибелерді тарату, біздің қызметкерлерді қылмыстың жаңа түрлерін тексеру мен ашуға оқыту және осындай оқыту жұмыстарын Қазақстанда да, Қытайда да ұйымдастыру жайын талқыладық», — деді вице-министр.

«Мен біздің елдер үшін қазір дәстүрлі және заманауи қатерлердің ортақ екендігі жөніндегі вице-министрдің пікіріне қосыламын», — деді өз кезегінде Чжан Сиюнь. ҚХР елшісінің пікірінше, Қазақстан мен Қытай тәртіп сақшыларының бірлескен іс-қызметіне «ең жоғары баға беруге лайық».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті