«Төрт адам да ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы, 2 тармағы («Есірткілік немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату «) бойынша және 307 бабы, 3 тармағы («Лауазымдық құзыретін асыра пайдалану») бойынша сотталды. Криминалдық полицияның оперативтік уәкілі лейтенант Сәдуақас Бейбебеков 12 жылға, ал қалған үшеуі — Төле би аудандық ІІБ-нің криминалдық полиция бөлімінің оперативтік уәкілі Мақсатбек Ақылбеков пен есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері капитан Қатан Көмекбаев пен старшина Ғалымжан Боратов — 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкін тәркілетіп, қатаң тәртіпті абақтыға айдалатын болды», — деді Қ. Қоспақбаев. Оның айтуынша, үкімге қарсы шағымдануға мүмкіндік бар.
Полицияның түсініктемесіне сәйкес, 2007 жылдың 19-қаңтарында ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне шағымдана келген бір азамат Төле би аудандық ІІБ-нің криминалдық полиция бөлімінің оперативтік уәкілі Мақсатбек Ақылбековтың өзін бір бай адамды тауып, оны есірткі сатып алуға көндіруге мәжбүрлеп отырғанын хабарлаған. «М. Ақылбековтың жоспарына сәйкес, сатып алушыны есірткіні сатып алу сәтінде тәртіп сақшылары қолға түсіріп, қылмыстық іс қозғамау үшін сыйақы талап етеді. Тәртіп сақшылары «тауарды» өздері әкелуге уәде берген», — деді Ғ. Қоспақбаев.
Оның түсініктемесіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері «сатып алушы» ролін атқарған. Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері делдал арқылы төле билік тәртіп сақшыларына 33 мың теңге беріп жіберген.
«29 қаңтарда сауда-саттық аяқталатын сәтте Криминалдық полицияның оперативтік уәкілі лейтенант Сәдуақас Бейбебеков, есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері капитан Қатан Көмекбаев пен старшина Ғалымжан Боратов делдал арқылы 4 грамм героин беріп, жалған сатып алушыны бірден қолға түсірген»,- деді Ғ. Қоспақбаев. Оның айтуынша, «әлгі үшеуін өз кезегінде Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері бірден құрықтады, ал барлық оқиғаның барысы бейнекамераға түсіріліп, әңгімелер жазып алынды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті