Мекеме ақпаратына сәйкес, Астананың Сарыарқа ауданында, 22 шілдеде 20 сағат 5 минутта Есіл өзенінде жүзіп жүрген 16 жасар бозбала суға батып кетті. Оны сол маңда демалып жүргендер судан шығарып алды. Сонымен бірге, Алматының Әуэзов ауданында 20 сағат 16 минутта 25 жастағы жігіт Сайран көліне батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.
Сол күні Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданындағы Мустафино ауылында «Космос» балаларды сауықтыру лагерінің аумағында 12 сағатта Нұра өзеніне 15 жасар бала батып кетті. Оның мәйітін демалушылар судан шығарып алды. Жезқазғанда 16 сағат 30 минутта Кеңгір су қоймасында демалып жүрген 39 жастағы әйел суға батып кетті. Мәйітті судан құтқару қызметінің адамдары шығарып алды.
Қызылордада 22 шілдеде 12 сағатта Сырдария өзеніне 13 жасар қыз батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті