Каспий теңізіндегі судың деңгейі 2020 жылы 70-80 сантиметрге көтеріледі - Әзербайжанның Экология министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізіндегі судың деңгейі 2020 жылы 70-80 сантиметрге көтеріледі - Әзербайжанның Экология министрлігі

Каспий теңізіндегі судың деңгейі 2020 жылы 70-80 сантиметрге көтеріледі - Әзербайжанның Экология министрлігі

БАКУ. 23 - шілде. Kazakhstan Today. Каспий теңізіндегі судың деңгейі 2015 - 2020 жылдары 70-80 сантиметрге көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Әзербайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭТРМ) ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

  • 23 Шiлде 2007
  • 875
Фото - Caravan.kz

«Күн райы ахуалына сәйкес Каспий суы деңгейінің ауытқуына байланысты алдағы 5 -10 жылға болжам жасау өте қиын, және де ғылым саласы дамуының заманауи кезеңінде осы элементтер бойынша шынайы болжам жасау мерзімі 6 айдан аспайды. Климаттың аймақтық өзгеруіне негізделген болжамға сәйкес, 2015 — 2020 жылдары Каспий теңізіндегі судың деңгейі 70-80 сантиметрге көтеріледі, деп күтілуде»,- деп айтылған хабарламада.

«Каспийдегі су деңгейінің ауытқуының себептерінің бірі оның Дүниежүзілік теңізбен байланысының болмауынан, осыған байланысты ол көбіне климаттық жағдайларға тәуелді»,- деп атап көрсетілген ақпаратта.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Каспий теңізі суының деңгейіне жалпы 15 нысаннан, ал Каспийдің Әзербайжандық секторында 7 нысаннан бақылау жүргізіледі.

«Каспий теңізіндегі судың деңгейі 1996 — 2000 жылдары аралығында 25 сантиметрге төмендеген, ал 2001 жылдан бастап қайта көтеріле бастаған. Теңіз деңгейі 2001 — 2005 жылдары 30 сантиметрге көтірелсе, ал 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 3 — 5 сантиметрге төмендеген. Каспийдегі су деңгейіне қатысты жылдық болжам әдістемесі оның су балансы элементтерінің нақты есептелуіне негізделген және де өзін 90 — 95 пайызға ақтайды. Бұл болжамға сәйкес, үстіміздегі жылдың аяғына дейін теңіздегі судың деңгейі 2006 жылмен салыстырғанда 3 — 5 сантиметрге көтеріледі»,- деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті