Алматыда жастар ұйымы алдағы мәжіліс сайлауына мониторинг жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жастар ұйымы алдағы мәжіліс сайлауына мониторинг жүргізеді

Алматыда жастар ұйымы алдағы мәжіліс сайлауына мониторинг жүргізеді

АЛМАТЫ. 24 - шілде. Kazakhstan Today. Алматыда жастар ұйымы алдағы мәжіліс сайлауына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында қаланың жастар қоғамдық ұйымы қауымдастығының атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Шiлде 2007
  • 601
Фото - Caravan.kz

Н. Сыдықов жастар кеше басталған «Жастар бақылауы: сайлау-2007» жобасы аясында сайлау мониторингін жүргізбек ниетте екендігін атап өтті. «Жоба еліміздің парламент мәжілісі мен Алматы мәслихатын сайлау науқанын талдау мен ақпараттар жинауға бағытталады»,- деп хабарлады ол.

«ХХІ ғасырдың көшбасшысы» Жастар орталығы» бірлестігі төрағасының орынбасары Ермек Мақашев өз кезегінде, жобаны жүзеге асыру үшін алты үлкен топ құрылатындығын түсіндіріп өтті. «Олардың міндеттері — саяси партиялардың жарнамалық науқанды жүргізулерін, оппоненттердің аталмыш науқанға қаншалықты адал қатысатындықтарын бақылау»,- деп атап көрсетті ол. Жастар ұйымы мониторинг қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы мен Алматы әкімшілігіне есеп беруді жоспарлауда.

Нұрлан Сыдықов «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» Жастар орталығы» бірлестігі мен Алматы жастар қоғамдық ұйымы қауымдастығы ешқандай партияны қолдамайтындығын атап өтті. «Біз тәуелсіз бақылаушылар ретінде шығамыз»,- деп атап көрсетті ол.

Бұл жобаны Қазақстанның жастар конгрессі қаржыландырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті