Оның ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиға Көкпекті ауданының Қаракөл ауылынан сегіз шақырымда болған. Аудандық ішкі істер басқармасына Бұқтырма су қоймасындағы бұрынғы өткел маңында суда ПАЗ-3204 маркалы автобустың жатқандығы туралы хабар келіп түскен.
«Құтқарушылардың күшімен автобус жағаға шығарылды, оның ішінен 45 жастағы жүргізуші мен 47 жастағы жолаушының мәйіттері табылды»,- деп түсіндірді Қажыбек Исабаев.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті